Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді. Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді. Леуінің ұлдарының есімдері: Герсон, Қахат, Мерари. Герсонның ұлдарынан тараған әулеттердің аттары: Лібіни, Шимей. Қахаттың ұлдарынан тараған әулеттер: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Мераридің ұлдарынан тараған әулеттер: Мәхли, Мұши. Шыққан ата-тектері бойынша леуіліктердің әулеттері осылар. Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай осы қалаларды жайылымдарымен қоса леуіліктерге жеребе бойынша үлестіріп берді. Һароннан тараған діни қызметкерлердің жайылымды қалаларының ұзын саны — он үш болды.
Выбор основного перевода