Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол солардың патшаларын да қолдарыңа түсіреді. Содан оларды жойып, есімдерін аспан астынан біржолата сызып тастайсыңдар. Ешкім де сендерге қарсы тұра алмайды, барлығын да жоқ қыласыңдар. — Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның өздеріңе берген бұйрығын естеріңе түсіріңдерші: Құдайларың Жаратқан Ие сендерге тыныштық сыйлап, (мекендейтін орынға) осы жерді табыстады. Олар Ешуаға: «Жаратқан Ие бүкіл елді еш күмәнсіз қолымызға табыстап берген екен. Елдің тұрғындары бізден зәрелері ұшып әлсіреуде», — деп те баяндады. Осылай Ешуа Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғандарының барлығына сәйкес бүкіл елді иемденіп алды. Оны исраилдіктерге өздері жататын рулары бойынша мұралық меншіктеріне үлестіріп берді.Сонымен соғыс бітіп, елде тыныштық орнады. Себебі Жаратқан Ие үлкен де күшті халықтарды алдарыңнан қуып шығарды, солардың ешқайсысы осы күнге дейін сендерге қарсы тұрып, жеңіп шыға алмады.
Выбор основного перевода