Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан соң Ешуа мен барлық исраилдіктер Зарахтың ұрпағы Аханды тұтқындап, оның алған күмісі, шапаны мен сом алтынын және ұл-қыздарын, мүйізді ірі қараларын, есектері мен қой-ешкілерін, шатырын және басқа да иелігінің бәрін Ахор аңғарына алып барды. үстерінен көп тас үйіп тастады. Сол зор тас үйіндісі күні бүгінге дейін бар. Сондықтан бұл жер әлі де Ахор (яғни «Пәле») аңғары деп аталып келеді. Бұдан кейін Жаратқан Ие лаулаған қаһарынан қайтты. Рефаим аңғарының солтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының қарсысындағы төбенің етегіне қарай түседі. Содан шекара Бен-Хенном аңғарының бойымен төмендеп, Гибеядағы ебустіктердің (қаласының) оңтүстік беткейіне өтіп, Ен-Рогелге дейін төмендейді. Бұдан кейін шекара солтүстікке қарай бұрылып, Ен-Шәмішке, одан Адумим асуының алдындағы Гелилотқа дейін созылып, «Боханның тасы» деген жерге жетеді. Бохан Рубеннің ұлы болатын.
Выбор основного перевода