Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зиф, Телем, Балот, Келгендер Зифке Саулдан бұрын оралды. Сол кезде Дәуіт пен оның жігіттері Мағон даласында, Есімонның оңтүстік жағындағы елсіз алқапта жүрген еді. Саул жасақшыларымен оларды іздеуге шықты. Дәуіт бұл туралы естіп, Мағон даласындағы жартасты төбеге ығысып, соны паналады. Саул мұны біліп алып, Дәуіттің артынан қуып сол жерге қарай беттеді. Мағон қаласында бір өте бай адам тұрып жатты. Оның үш мың қойы, бір мың ешкісі және көршілес Кәрмел қаласының маңында жайылымдық жері де бар болатын.
Выбор основного перевода