Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін шарлап, барлап шықты. Сол уақытта Ешуа (жасақшыларын ертіп) Хеброн, Дебир, Анаб қалаларының таулы аймағы және Яһуда мен Исраилдің барлық басқа тауларына аттанды да, сонда тұратын Анақтың алып ұрпақтарының көзін құртты. Исраилдіктер Тәңір Иенің қарғысына ұшыраған солардың өздерін де, қалаларын да қырып-жойды. Содан исраилдіктердің жерінде Анақтың ұрпақтарының ешқайсысы қалмай, тек Газа, Ғат пен Азот қалаларында тұратындары ғана тірі қалды. Олар Хебронда тұратын қанахандықтармен де шайқасып, Шешай, Ахиман және Талмайды жеңді. Хебронның бұрынғы аты Кирият-Арба болатын. Мұса айтып кеткендей, Хеброн қаласы Халепке берілді. Ол сол қаладан Анақтың үш алып ұрпағын қуып шықты.
Выбор основного перевода