Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы. Мысырдың шығыс жағындағы Шихор өзенінен Әкронның солтүстігіндегі шекарасына дейін созылған аймақ, ол қанахандықтардың жері болып саналады. Філістірлердің бес әміршісі билік жүргізген Газа, Азот, Ашкелон, Ғат, Әкрон атты қалалары әрі оңтүстіктегі ауилықтардың жері де осы аймаққа кіреді. Асмонға жетіп, одан әрі Мысырмен шекарадағы өзеннің бойымен жүріп, Жерорта теңізінің жағасында аяқталады. Яһуда руының оңтүстік шекарасы осындай. Батыс шекарасы — сол теңіздің жағалауы.Яһуда руына әулеттері бойынша үлестірілген жердің айнала шекарасы осындай.
Выбор основного перевода