Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан соң шекара ебустіктердің (кейінірек) Иерусалим деп аталған қаласы орналасқан төбенің оңтүстігіндегі Бен-Хенном аңғарының бойымен өрлеп, осы аңғардың батысындағы, Рефаим аңғарының солтүстік шетіндегі төбенің басына көтеріледі. Себебі яһуданың жасақшылары Иерусалим қаласына да шабуыл жасап, оны басып алды. Оның тұрғындарын семсердің жүзімен қырып-жойып, қаланың өзін өртеп жіберді. Бунямин руы Иерусалим қаласын мекендеген ебустіктерді қуып шығармады. Ебустіктер осы күнге дейін Иерусалим қаласында буняминдіктермен бірге тұрып келеді. Бір күні патша мен оның жасақшылары Иерусалимге аттанып, сол қалада тұрған ебустіктерге шабуыл жасамақшы болды. Ал ебустіктер: «Дәуіт бұл қалаға кіре алмайды», — деп ойлап, оны мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің! Кіре қалсаң, соқырлар мен ақсақтардың өздері-ақ сені қуып жібереді!» — деді.
Выбор основного перевода