Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді қостарыңды жинап, жолға шығыңдар. Аморлықтардың таулы жеріне және барлық көршілес елдеріне барып кіріңдер: Иордан алқабына, таулы аймаққа, батыстағы төменгі қыраттарға, оңтүстіктегі Негев даласына және теңіздің жағасына, демек, бүкіл Қанахан елі мен Ливанға әрі (солтүстік-шығыстағы) үлкен өзен — Евфрат өзеніне дейін барыңдар! Ол солардың патшаларын да қолдарыңа түсіреді. Содан оларды жойып, есімдерін аспан астынан біржолата сызып тастайсыңдар. Ешкім де сендерге қарсы тұра алмайды, барлығын да жоқ қыласыңдар. Бірақ Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге беріп отырған елдегі халықтардың қалаларында ешбір жан иесін тірі қалдырмаңдар! Керісінше, Құдай Ие сендерге әмір бергендей, хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді түгелдей құртуға тиіссіңдер. Сол жерлер мыналар: таулы аймақ, батыстағы төменгі қыраттар, Иорданның алқабы, тау беткейлері, (Яһудадағы) елсіз дала, оңтүстіктегі иен дала (Негев), яғни хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің жерлері.
Выбор основного перевода