Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде мен Ешуаға мынадай нұсқау бердім: «Құдай Иеміздің осы екі патшаға не істегендерінің бәрін өз көзіңмен көрдің. Енді сен Иорданнан өтіп, кіргелі отырған барлық патшалықтарға да Жаратқан Ие осылай істейтін болады. Құдай Иенің оларды өткізген алапат сынақтарын әрі Өзінің сендерді ғажап кереметтері және алға созылған құдіретті қолы арқылы Мысырдан алып шыққанын өз көздеріңмен көрдіңдер ғой. Сендер қорқып келген халықтардың бәріне де Құдай Иеміз солай істейтін болады. Қайратты да батыл бол! Мен ежелде ата-бабаларына уәде еткен елді халыққа мұралық меншікке үлестіретін сен боласың. Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады». Жаратқан Ие Ешуаны: «Бұлардан қорқушы болма! Мен оларды сенің қолыңа тапсырып қойдым. Ешқайсысы да саған қарсы тұра алмайды!» — деп жігерлендірген болатын.
Выбор основного перевода