Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар қаланы Жаратқан Иеге бағыштап, ондағылардың бәрін, әйел не еркек болсын, жас не кәрі болсын, күллі мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды және есектерді семсердің жүзімен қырып салды. Бұдан кейін жасақшылар қала мен ондағылардың барлығын өртеп жіберді. Олар тек күміс пен алтынды және темір, қола бұйымдарды Жаратқан Иенің киелі үйінің қазынасына салып қойды. Сол екі арада тосқауылшылар қаладан шығып, олар да жауға қарсы шабуылға кірісті. Айдың адамдары екі жағынан да қоршалып, исраилдіктер оларды толығымен жойып жіберді. Олардан тірі қалған немесе бас сауғалап қашып құтылған ешкім де болмады. Айдың барлық тұрғындары жойылып бітпейінше Ешуа найзасын созып тұрған қолын төмен түсірген жоқ. Жаратқан Иенің Ешуа арқылы берген бұйрығына сай Исраил сол қаланың малы мен дүние-мүлкін өздеріне олжалады. Мұнан кейін Ешуа Айды өртеп, оны үнемі қаңырап жатқан үйіндіге айналдырды. Ол күні бүгінге дейін солай. Сонымен қатар Ешуа Ай патшасын өлтіріп, денесін ағашқа түйреп, кешке дейін іліп қойды. Күн батуға айналған кезде Ешуа бұйрық беріп, патшаның сүйегін ағаштан түсіртіп, қала қақпасының алдына тастатты. Халық сүйекке көп тас лақтырып, үстіне үйіп тастады. Сол зор тас үйіндісі күні бүгінге дейін бар. Содан Ешуа гибеондықтармен бейбітшілік келісімін жасап, оларды аман қалдыруға уәде беріп, қауымның жетекшілері де соны антпен бекітті.
Выбор основного перевода