Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді. Сондай-ақ Ол күймелерінің дөңгелектерін шығарып тастап, күймелер әрең дегенде қозғалды. Сонда мысырлықтар: «Исраилдіктерден қашып құтылайық! Олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!» — деп айқай салды. Олардан еш қорықпаңдар, себебі сендер үшін Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ!» Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Исраил үшін Өзі соғысып жүргендіктен, Ешуа осы барлық патшалар мен олардың жерін бір жорықта-ақ қолға түсірді. Бұдан соң Ешуа Исраилдің бүкіл жасағымен бірге өздерінің Ғылғалдағы қонысына қайта оралды. Құдайларың Жаратқан Иенің сендер үшін елдегі барлық халықтарға не істегенінің бәрін де өз көздеріңмен көрдіңдер. Құдай Иелеріңнің Өзі сендер үшін соғыс жүргізді. Берген уәдесіне сай, Құдай Иелерің сендер үшін Өзі соғысып жүргендіктен, әрқайсыларың жаудың мың адамын тықсырып қуасыңдар. Яхазиел жамағатқа тіл қатып былай деді:— Тыңдаңдар, бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындары! Жосапат патша, сіз де тыңдаңыз! Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол қалың тобырдан үрейленіп қорықпаңдар! Бұл шайқасты сендер емес, Құдайдың Өзі жүргізеді! Осы жолы шайқасатын сендер емессіңдер. Тек сол жерге барып, берік тұрыңдар! Сонда Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер, уа, Яһуда мен Иерусалим халқы! Үрейленіп қорықпаңдар! Ертең оларға қарсы шығыңдар! Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Жаратқан Ие Ахаз патша салғызған баспалдақтың үстімен көлеңкені он қадам кері жылжытады». — Сонда көлеңке шынымен он қадам кері жылжыды!
Выбор основного перевода