Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Ертеңгісін ерте тұрып, перғауынның алдына барып, сөзімді жеткіз: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! Мен осы жолы қасарысқан жүрегіңе, нөкерлеріңе және халқыңа қарсы ойлаған апаттарымның бәрін жіберетін боламын. Сонда сен жер бетінде Маған тең келетін ешкімнің жоқ екеніне көзің жетіп, соны білетін боласың. Қаласам баяғыда қолымды созып-ақ өзіңді де, халқыңды да індетке ұшыратып, жер бетінен жоқ қылған болар едім. Алайда саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым. Сен әлі де халқыма қарсы шығып, оларды жібермей келесің. Біліп ал: Мен ертең осы мезгілде Мысыр Мысыр болғалы күні бүгінге дейін болып көрмеген бұршақты сенің еліңе жаудырамын. Енді адамдарыңды жіберіп, даладағы малдарың мен меншіктеріңнің бәрін де паналарға жинатып алдырт! Үй-қораларды паналамай далада жүрген күллі адамдар мен малдар бұршақтың астында қалып, қырылмақ». Перғауынның нөкерлерінің кейбіреулері Жаратқан Иенің сөздерінен қорқып, қарамағындағы қызметшілері мен малдарын жедел түрде қауіпсіз жерлерге жинап алды. Ал Жаратқан Иенің сөзіне көңіл бөлмегендер өз қызметшілері мен малдарын далада қалдырды. Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйрық берді:— Қолыңды аспанға қарай соз! Сол сәтте бүкіл Мысыр елінің үстіне, ондағы адамдардың, малдардың және даладағы өсімдіктердің бәрінің үстіне бұршақ жауатын болады. Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, бұршақ жерге үздіксіз төпелеп, арасында найзағай жарқылдап тұрды. Бұршақтың мұндай күшті жауғанын Мысыр халқы ел болып, басы біріккелі көрген емес. Бұршақ бүкіл Мысыр даласында жүрген күллі адамдар мен малдарды қырып, өсіп тұрғанның барлығын тып-типыл қылып, ағаш атаулының бұтақтарын сындырып, быт-шыт етті. Тек Исраилдің үрім-бұтағы мекендеген Гөшен елінде ғана бұршақ жауған жоқ. Самуил құрбандық шалып жатқан кезде жау шабуыл жасап жақындап келді. Бірақ Жаратқан Ие сол заматта өте қатты күн күркіретіп, філістірлердің зәресін ұшырып, олар бастары ауған жаққа қарай қаша жөнелді. Апат, соғыс және шайқас кездері үшін соларды сақтап келемін. Түнекті айналдыра перде қылды,Жаңбырдың қалың бұлттарын жамылды, Қасындағы нұрын бұлттар жасырды,Бұршақ жауып, найзағай жарқылдады. Жаратқан Ие аспаннан күркіреп шақырды,Алла Тағаланың дауысы жаңғырықты. Жаратқан Ие адамдарға Өзінің ғаламат зор үнін естіртіп, лаулаған қаһарымен күш-қуатын көрсетеді. Ол бәрін жалмайтын оттың жалынымен әрі дауыл, нөсер және ірі бұршақ арқылы Өзінің құдіретін танытады. Аспаннан адамдардың үстіне салмағы жүз қадақтай дәу тастар жауды. Сонда да адамдар сол ғаламат қорқынышты пәле, яғни тас бұршақ жаудырғаны, үшін Құдайды балағаттап, тілдеді.
Выбор основного перевода