Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді. Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті. Сонда Мен Исраилді өзінің жайлы мекеніне қайтарып, ол қайтадан Қармил мен Башан тауларында жайылып, Ефрем мен Ғилақадтың қыраттары аймақтарында да тойынатын болады. — Берот, Сибраим қалаларына дейін, одан әрі Ауранның шекарасындағы Хасар-Тихонға дейін созылады. Ал Сибраим Дамаск пен Хамат патшалықтарының арасындағы шекарада орналасқан.
Выбор основного перевода