Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонан соң олар оралып, Ен-Мышпатқа, яғни Қадешке, барып, амалектіктердің және Хасасон-Тамардағы аморлықтардың бүкіл жерін басып алды. Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы. Нибшан, Тұз қаласы (Ир-Мелах) және Ен-Геди — алты қала әрі оларға қарасты елді мекендер. Қараңдаршы, (шығыстағы) Иордан өзенінен батыстағы Жерорта теңізіне дейінгі аралықта әлі де қалып қойған мына халықтардың жерін және өзім елден аластатқан халықтардың жерін сендердің руларыңа жеребе бойынша үлестіріп бердім. Бірнеше адам Жосапаттың алдына келіп, мына хабарды жеткізді: «Сізге қарсы Өлі теңіздің оңтүстік жағындағы Едом елінен үлкен қол келе жатыр! Қазірдің өзінде олар Хасасон-Тамарға жетіп қалды!» Сол жер Ен-Геді деп те аталатын. Ал қазір Мен көптеген балықшыларды жіберіп отырмын! — дейді Жаратқан Ие. — Сол балықшылар оларды қармап ұстап алатын болады. Мұнан кейін Мен көптеген аңшыларды жіберемін! Аңшылар исраилдіктерді барлық тау-төбелерден әрі жартастардың жарықтарынан іздеп жүріп, ұстап алатын болады. балықшылар ауларын жаятын теңіздегі орынға айналады. Өйткені Мен осылай деймін, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Содан Тир бөтен халықтардың олжасы болады. Сені жалаң жартасқа айналдырамын, сен балық аулайтын торларды жайып кептіретін жер боласың. Сені енді ешкім қайта тұрғызбайды! Себебі бұны айтып отырған Мен Жаратқан Иемін!» — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. Ғадтың оңтүстік шекарасы Тамардан Қадеш маңайындағы Меріба суына дейін ұласып, оңтүстікке қарай созылады, сосын Мысырдың шетіндегі өзен аңғарымен бойлай отырып, Жерорта теңізіне келіп тіреледі. Басқа шәкірттер де қайықпен жағаға беттеді, олар жағалаудан алыс емес, жүз метрдей жерде жүрген еді. Бұлар балыққа толы ауды сүйретіп келді. Петір суға түсіп, үлкен-үлкен балыққа толы ауды жағалауға сүйреп шығарды, бір жүз елу үш балық бар екен. Балық сонша көп болса да, ау жыртылмапты.
Выбор основного перевода