Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайдың таңдап алған қаласына,Алла Тағаланың киелі тұрағынаОның рақымы бұлақтың суындайӘрқашан да нәр беріп қуантуда. Құтқарылудың қайнар көздеріненСу ала бересіңдер қуанышпен. Шөлейт жер көлге айналып, қураған дала бұлақтарға толады. Шибөрілер тынығып келген аңызақ жерлерде енді көк шөп пен қамыс-құрақ жайқалады. Таңдап алған халқымды сумен қамтыпҚұла түзден өзендер ағызамын.Шибөрі, түйеқұс, дала аңдарыСодан Мені дәріптейтін болады. Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды. Содан соң әлгі хабаршы мені шығысқа қарап тұрған қақпа ғимаратына алып келді. Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды. Мен көріп жатқан осы көрініс Құдайдың қаланы құртуға келген кезінде және өзім Хобар өзенінің бойында болғанда көрген көріністер сияқты болды. Содан мен жерге етпетімнен жата кеттім. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйге Шығыс қақпа ғимараты арқылы енді. Әлгі хабаршы әлі де қасымда тұрған кезде киелі үйдің ішінен маған сөйлеген дауысты естідім. Әмірші Жаратқан Иеге арнап не шалынып, түгелдей өртелетін, не Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықты ерікті тарту ретінде ұсынбақ болғанда, оған ішкі ауланың шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты ашылуы керек. Ол өзінің құрбандықтарын демалыс күні жасалатындай етіп ұсынсын. Содан соң әмірші шығып кетіп, қақпа қайтадан жабылсын. Сол күні таулардан тәтті шырын тамшылап, төбелерден сүт ағатын болады, Яһуданың барлық жылғаларында су ағады. Жаратқан Иенің киелі үйінен басталған бұлақ Аққараған аңғарын суға кенелтеді. «Сол күні Дәуіттің әулеті мен Иерусалимнің тұрғындарына оларды күнә мен арамдықтан тазартатын қайнар көз ашылады». Сол күннен бастап Иерусалимнен тірі су ағып шығып, бір жартысы шығыстағы Өлі теңізге, екінші жартысы батыстағы Жерорта теңізіне ағып кететін болады. Ағысы қысы-жазы толастамайды. Періште маған Құдай мен Тоқтының тағынан бастау алған мөлдір тастай жылтылдаған өмір суының өзенін де көрсетті.
Выбор основного перевода