Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Ей, пендем, сен қаланы айыптауға дайынсың ба? Қан төккіш сол қаланы сотқа дайындамақсың ба? Ендеше оған өзінің жасаған жексұрын күнәларының бәрін де әшкерелеп айт! Былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, қала, сен өзіңнің ортаңда адамдардың қанын төктің, осылай өз жазаңды тартатын уақытыңды жақындаттың! Сен жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап алып, соларға табыну арқылы өзіңді-өзің арамдап келесің! Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: — Қан төгуші бұл қала қасіретке қалады! Мен Өзім оның астына отынды көп қылып үйемін. Дәл сол сияқты, елде Құдайға адал ешкім қалмаған! Адамдардың арасында бірде-бір әділ адам қалған жоқ! Барлығы біреудің қанын төгуді аңдып жатады, әркім ағайынына тұзақ құрып қойған. халқымды да жеребе тастап бөлісіп алды: ұл балаларды жезөкшенің ақысына айырбастап, бойжеткендерді шарапқа сатып, ішіп қойып жүрді». Бірақ та оның халқы тұтқындалып, айдалып кетті; сәбилері әр көшенің қиылысында ұрылып өлтірілді. Жаулап алушылар абыройлы адамдарын жеребе тастап бөлісіп алып, барлық ұлықтарын кісендеп айдап әкетті. Қан төгіп қала орнатқандар, қылмыспен қорған салғандар қасіретке қалады!
Выбор основного перевода