Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әлемнің Иесі маған оларға арналған мына хабарды естіртіп білдірді: «Осы күнәларыңның арамдығы көздерің тірі болған кезде тазартылмайды!» — Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие осыны антпен бекіткен. — Олардың бәрі — бас көтерген қыңырлар, сөз тасушы жалақорлар. Олар (алтын-күмістей асыл емес) қола мен темірге ұқсайды, барлығы да азғырушылар. Көрік ауаны қатты үрлейді, қорғасын қызған күмістің қоқысын тазартып әкетеді. Бірақ осы халықты азап отында тазарту пайдасыз. Бұларды зұлымдығынан еш арылтып тазартуға болмайды. Жаратқан Ие олардан бас тартты, енді олар «жарамсыз күміс» деп аталатын болады! Ақыр аяғында қаһарым басылмақ. Мен оларға деген ашуымды тыншытып, осы жазалағаныммен қанағаттанамын. Ал қаһарымды оларға лақ еткізген кезімде олар Менің, Жаратқан Иенің, бұларды зор қайрат-жігермен айтқанымды білетін болады. Сол үшін де Мен оларға қаһарымды төгемін. Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Олар Маған қатты дауыстап жалбарынса да, Мен құлақ аспаймын,» — деді. Сонда Менің саған қарсы лаулаған қаһарым басылып, қызу қайрат-жігерім сенен кері бұрылады. Мен тынышталып, бұдан былай саған ашуланбайтын боламын. «Пендем, Исраил еліне мынаны айт: Менің қаһарым төгілетін күні сен өңделмеген әрі жаңбыр жаумайтын құла түз сияқты боласың!
Выбор основного перевода