Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Бүгін де айтар шағымым ащы! Қанша күрсініп ыңқылдасам да, Құдай мені ауыр жазалауын қояр емес. Еңбекқор, жақсы әйелді кім таба алар?Ол інжу-маржаннан да бағалы болар! Сендер тыңдамасаңдар, мен тәкаппарлықтарыңа бола оңашада жылайтын боламын. Көз жасым көл болып ағады, себебі Жаратқан Иенің халқы тұтқындалып, айдалып кетеді. Мен, Жаратқан Ие, тағы мынаны айтамын: Сенің қазалы үйге барып, қайғыларына ортақ болып көңіл айтып, дәм татуыңа да болмайды! Себебі Мен бұл халықтан Өзімнің жарылқауым мен рақым-шапағатымды алып қойдым. Жосия патша марқұмды жоқтамаңдар, ол үшін жылап аза тұтпаңдар! Қайта, басқа жаққа айдалып әкетілген (Шаллум) патша үшін қайғырыңдар, өйткені ол енді қайтып туған еліне келмейді де, оны көрмейді де. Содан мен таңертең жұртқа Жаратқан Иенің сөзін айтып бердім, ал сол күні кеште әйелім қайтыс болды. Ертеңгісін мен өзіме бұйырылғандардың бәрін де орындадым. Менің айтайын дегенім мынау, бауырластарым: осы заманның ақыры таяп қалды. Сондықтан бұдан былай әйелі барлар үйленбегендей, жоқтау айтып жүргендер жоқтамағандай, шаттанып жүргендер қуанбағандай, ал дүние-мүлік сатып алғандар меншігі жоқ іспетті Құдайға қызмет ете берсін!
Выбор основного перевода