Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендердің барлығың қоқыс іспетті болып кеткендіктен, Мен енді сендерді Иерусалимнің ортасына жинаймын. Күміс, қола, темір, қорғасын және қалайыны от үрлеп, балқыту үшін алдымен көрікке салып жинайды. Дәл осылай Мен де сендерді лаулаған қаһарыммен қалада жинаймын да, көрікке салып, балқытқандай азап отынан өткіземін. Мен барлығыңды жинап алып, сендерге өз қаһарымның отын үрлеймін, соның ішінде балқисыңдар. Сонымен күмістің көріктің ішінде балқитынындай, сендер де азап отында балқисыңдар. Сонда Мен, Жаратқан Ие, өздеріңе қаһарымды төккенімді білетін боласыңдар». Бірақ сендер жақсыны жек көріп, жаманды ұнатасыңдар, Менің халқымның терісін сыпырып, етін сүйектерінен тірідей жұлып аласыңдар! Сендер халқымның етін жалмап, терісін сыпырып, сүйектерін майдалап сындырасыңдар, оларды қазанға салатын еттей қылып, пісіріп, жеп қоясыңдар!»
Выбор основного перевода