Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Жаратқан Ие осы тапсырмасын былай деп түсіндірді: «Менің қызметшім Ишая үш жыл бойы сырт киімсіз, жалаң аяқ жүрді. Бұл — Мысыр мен Құш елдерінің басына түсетін азапты жайды алдын ала білдірген белгі. Ал дұшпандарым мені: «Жаратқан Иенің айтқан сөзі қайда? Кәне, қазір-ақ іске ассыншы!» деп келекелей береді. Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат. Бет-жүзіңді қалаға бұр. Осылайша қаланың қалай қоршалып, қиналатынын көрсетесің. Бұл Исраил халқына арналған ескерту белгі болады. Өліктерің табыну орындарыңда үйіліп жатады. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар! Жұрттың көзінше заттарыңды иығыңа салып ал да, қараңғылыққа сүңгіп кет! Тастап бара жатқан еліңді көре алмайтындай етіп, бетіңді тұмшалап жауып ал. Өйткені Мен сені Исраил еліне (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші еттім». Оларға былай де: Мен сендерге болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіремін. Менің істегендерім жуырда Иерусалим халқының басына түсетін болады. Олар тұтқындалып, бөтен елге айдалып кетеді. Мен Рабба қаласын солардың түйелері жайылатын құла түзге айналдырамын, бүкіл Аммон елі де қой-ешкінің тынығатын қашасы болады. Осылай сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!»
Выбор основного перевода