Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Керубтердің қанаттарының астынан адамдікіне ұқсас қолдары көрінді. Әр керубтің төрт бет-әлпеті бар болатын: біріншісі керубтің, екіншісі адамның, үшіншісі арыстанның, төртіншісі бүркіттің жүзі іспетті еді. Тақтың алды мөлдір кристалл іспетті шыны теңізге ұқсады.Тақты қоршай, оның ортаңғы баспалдағында төрт нөкер бар еді. Олардың денелерінің алды-артында көптеген көздері болды. Алғашқысы арыстанға, екіншісі бұқаға, үшіншісінің беті адамның бетіне, ал төртіншісі ұшып бара жатқан бүркітке ұқсас екен. Әрбіреуінің алты қанаты болатын, қанаттардың тұла бойлары да толған көздер еді. Олар күні-түні тоқтамастан: «Бүкіл әлемнің Билеушісі — әрдайым болып келген, мәңгі бар және болашақта келетін Құдай Ие қасиетті, қастерлі, киелі!» — деп сиынумен болды.
Выбор основного перевода