Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Мен қарап тұрғанда, күзетші керубтердің жанындағы төрт дөңгелекті көрдім. Әр керубтің жанында бір-бір дөңгелектен орналасыпты. Дөңгелектер зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Төрт дөңгелектің сыртқы түрі бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. Олар қозғалғанда, керубтердің беттері қараған төрт бағыттың әрқайсысына қарай жылжи алатын. Керубтердің бет алған жақтарына дөңгелектер еш бұрылмай-ақ ілесе жылжитын. Оның денесі зүбәржат атты жылтыраған асыл тас сияқты, жүзі найзағайдың жарқылындай, көздері жалындаған алаулар іспетті, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрілдеді. Нөкерлер қозғалғанда, жандарындағы дөңгелектер де қозғалатын және нөкерлер жерден көтерілгенде, дөңгелектер де көтерілетін. Нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. Сондықтан рух қайда бағыт алса, нөкерлер мен дөңгелектер де тұрып, солай қарай бірге жылжитын. Нөкерлер қозғалғанда дөңгелектер де қозғалатын, тоқтағанда, дөңгелектер де тоқтайтын, ал жоғары көтерілгенде, солармен бірге дөңгелектер де көтерілетін. Өйткені нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын.
Выбор основного перевода