Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Жасы отыз бен елу арасындағы қызмет етуге жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. Бабылдың өзен жағаларында отырдық,Сионды еске алып біз зар жыладық. Мұнан кейін мен жер аударылып келгендер тұрып жатқан Хобар өзенінің жағасындағы Тел-Абибке жеттім. Сол жерде қатты таңырқаған күйімде жеті күн бойы олардың араларында болдым. Мен тұрдым да, жазық алқапқа бардым. Сол жерде Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты менің Хобар өзенінің жағасында көргенімдей болып тұр екен. Сондықтан мен жерге етпетімнен жата кеттім. Құдайдың хабаршысы қолын созғандай болып, мені шашымнан ұстап алды. Рух мені жер мен аспанның аралығына көтеріп алып, Құдай маған көрсеткен көріністерде Иерусалимге апарды. Сонда Рух мені Құдайдың қаһарын туғызған жалған тәңірдің мүсіні тұрған ішкі ауланың солтүстік қақпасының кіреберісіне алып барды. Өзі көрсеткен көріністерде Исраил еліне алып барды да, зәулім таудың басына әкеліп тұрғызды. Таудың оңтүстік беткейінде қалаға ұқсас бірқатар ғимараттар орналасқан екен. Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін дереу судан шықты. Сол сәтте көк ашылып, Иса Өзіне көгершін сияқты төмендеп келіп, қонған Құдай Рухын көрді. Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді. Содан ол:— Міне, ғажап, көктің ашылғанын және көктен келіп, сонда қайта оралған Билеушінің Құдайдың оң жағындағы құрметті орнында тұрғанын көріп тұрмын! — деп дауыстап жіберді.
Выбор основного перевода