Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Керубтер қозғалған кезде, жандарындағы дөңгелектер де бірге қозғалатын. Керубтер жерден көтерілу үшін қанаттарын жайғанда, дөңгелектер де қастарында болып, олармен бірге көтерілетін. Керубтер қозғалмай тыныш тұрғанда, дөңгелектер де қозғалмайтын, ал керубтер жоғары көтерілгенде, олар да бірге көтерілетін. Өйткені осы нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. Мұнан кейін Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйдің табалдырығынан жылжып, керубтердің үстіңгі жағына көтеріліп барып тұрды. Мен осылай қарап тұрғанда, керубтер қанаттарын жайып, жерден көтерілді, сонда дөңгелектер де оларға ілесе көтерілді. Олар Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасының маңына тоқтады. Олардың үстінде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты болды.
Выбор основного перевода