Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Исраилдің сиынатын Құдайының аянын көрді. Оның табанының асты аспандай мөлдір, жарқылдаған саф көк асыл тас төселген алаңға ұқсады. Содан кейін қарағанымда керуб атты төрт нөкердің бастарының жоғарғы жағында жайылған күмбез тәрізді әуе кеңістігінен таққа ұқсаған саф көк асыл тас іспетті бір нәрсені көрдім. Әлгі хабаршы әлі де қасымда тұрған кезде киелі үйдің ішінен маған сөйлеген дауысты естідім. Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды. Олардың арасында адам баласына ұқсас Біреу тұр екен. Ол етегі аяғына дейін жететін ұзын шапан киіп, кеудесіне алтын аспа бау таққан еді. Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтырап, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді.
Выбор основного перевода