Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ сол жылдың жетінші айында патшалық әулетке жататын Әлишаманың немересі Нетаниях ұлы Ысмағұл он адамымен бірге Миспаға келді. Олар Яһуданың әкімі Ғодалияхты қастандықпен өлтірді және Миспада Ғодалияхтың қасында болған исраилдіктер мен бабылдықтардың да көздерін құртты. Аяқтары жамандыққа алып ұшып, жазықсыз қан төгуге асығады. Олардың ой-ниеттері арам, жүрген жерлерін қиратып, күл-талқандарын шығарады. Сенің басшыларың олжасын жарып жейтін қасқырларға ұқсайды. Олар арам пайда табу үшін қан төгіп, кісі де өлтіреді.
Выбор основного перевода