Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай барлық әйелдеріңіз бен балаларыңыз қаладан айдалып, халдейлердің қолына түседі. Өзіңіз де қашып кете алмай, Бабыл патшасының қолына түсесіз. Ол мына қаланы қиратып, өртеп жібереді! Бірнеше яһуди жасақ басшылары мен олардың адамдары ашық далада (бой тасалап) жүрген еді. Олардың бәрі Бабыл патшасының Ахиқам ұлы Ғодалияхты Яһуда елінің Бабылға жер аударылмаған ең кедей ерлі-зайыптылары мен балаларын басқарушы әкім етіп тағайындағанын естіді. Сол кезде Моаб, Аммон, Едомда және тағы басқа елдерде бірқатар яһудилер бас сауғалап тұрып жатты. Олар Бабыл патшасының Яһуда еліндегі біраз халықты қалдырып кеткенін және Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты олардың үстінен басқарушы әкім етіп тағайындағанын естіді. Содан олар қашып кеткен сол елдерінен Яһуданың Миспа қаласындағы Ғодалияхқа келді. Енді олар да барып, жүзім, құрма, інжір жемістерінің мол өнімін жинап алды. «Аммондықтардың патшасы Бағалис сізге қастандық жасауға Нетаниях ұлы Ысмағұлды жіберді, соны білсеңіз екен», — деп сақтандырды. Бірақ Ғодалиях оларына сенген жоқ. Олар, сондай-ақ, бабылдық әмірші Набузар-Адан Ахиқам ұлы Ғодалияхтың қасына қалдырған халықты: барлық ер адамдар мен әйелдерді, балалар мен патшаның қыздарын және Еремия пайғамбар мен Нириях ұлы Барухты да өздеріне ілестіріп әкетті.
Выбор основного перевода