Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еремия әлі де басқа жаққа кетпей тұрғанда Набузар-Адан оған: «Бабыл патшасы Ахиқамның ұлы, Шафанның немересі Ғодалияхты Яһуданың қалаларын басқарушы әкім етіп тағайындаған. Соның қасына қайтып барыңыз. Онымен бірге халқыңыздың арасында тұра беріңіз. Немесе басқа жаққа баруды жөн көрсеңіз, онда сол жаққа барып тұрыңыз», — деп қосты. Ұландардың әміршісі оған азық-түлік пен сыйлық беріп, қоя берді. Бабыл патшасынан қатты қорқасыңдар, ал Жаратқан Ие өздеріңе мынаны айтады: Одан қорықпаңдар! Мен сендермен бірге жүріп жар боламын! Сендерді оның қолынан құтқарып, аман алып қаламын! онда өздерің қорқатын семсер сендерді сол жақта да тауып алады және өздерің қорқатын ашаршылық та сендердің соңдарыңнан Мысырға жетіп, сол жақта аштан қырыласыңдар. Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар! Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Выбор основного перевода