Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай қаһарының тізгінін ағытты,Ашу-ызасы мен қастығын танытты,Құртушы хабаршыларын жөнелтті, Біліп қойыңдар, Жаратқан Иенің (сот жүргізетін) күні таяп қалды! Ол — Оның лаулаған сұрапыл ашу-ызасының күні! Сонда Жаратқан Ие жерді құла түзге айналдырып, ондағы күнәкарларды қырып-жоймақ. Аспандағы жұлдыздар мен шоқжұлдыздар жарқылдауын доғарады. Күн шықса да, оны қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. Мен, Жаратқан Ие, жер бетіндегі адамзатқа жасаған зұлым істерінің сазайын тартқызып, әділетсіз адамдарды күнәлары үшін жазалаймын. Мен өркөкіректердің асқақтығын тоқтатып, зорлықшылдардың паңдығын жоямын. Осылай Мен адамзаттың санын азайтып, пендені саф алтыннан да сирек, тіпті сонау Опыр елінен әкелінген таңдаулы алтыннан да тапшы қыламын. Себебі Мен, Әлемнің Иесі, лаулаған қаһарымды көрсеткен сол күні аспанды шайқалтамын! Сонда жер сілкініп өз орнынан қозғалады. Сондықтан сол кезде Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие сендерді жылап жоқтау айтуға, шаштарың мен сақал-мұрттарыңды алып тастап, азалы киім киюге шақырды. Уа, халқым, қайғырып азалы киім киіп, күлге аунаңдар! Жалғызы өлген адамдай жоқтап, еңіреп жылаңдар! Өйткені құртушы жау бізге аяқ астынан бас салады. Жаратқан Ие жүрегіндегі ой-ниеттерін толығымен орындап болмайынша, Өзінің лаулаған қаһарынан қайтпайды. Алдағы уақытта сендер мұны түсінесіңдер. Жерде үнсіз отыр Сионның ақсақалдары,Азалы киініп, бастарына топырақ шашты.Ұялып бас иіп жүр Иерусалим қыздары.
Выбор основного перевода