Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Өзіңнің ғаламат зор рақымыңа бола Сен ата-бабаларымызды не түбегейлі құртып жіберген жоқсың, не тастап та кетпедің. Өйткені Сен мейірімді де қайырымды Құдайсың. (Халық сапасыз жүзімдік іспетті азып барады.) Жүзімдіктің соқпақтарын аралап жүріп, бұталарын құртыңдар, дегенмен толығымен қырып-жоймаңдар! Бұталардың сабақтарын жұлып тастаңдар, өйткені бұл адамдар Жаратқан Иенікі емес! Бірақ тіпті сол кездері де Мен сендерді толығымен құртып жоқ қылмаймын», — деп уәде береді Жаратқан Ие. Ол елсіз далаға айналып, бәрінен жұрдай қалған күйі Менің алдымда мұңайып жатыр. Бүкіл жер қаңыраған бос далаға айналды, өйткені оған көңіл бөлетін ешкім жоқ. Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды. Мен саған жар болып, сені құтқарамын, — деп уәде береді Жаратқан Ие. — Сені араларына шашыратып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртып жоқ қылмаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалаймын. Қорықпа, уа, қызметшім Жақып, — дейді Жаратқан Ие. — Себебі Мен саған жар боламын. Сені араларына айдатып жіберген халықтарды құртып жоқ қыламын, бірақ өзіңді құртпаймын. Алайда сені мүлдем жазасыз қалдырмай, әділдікпен жазалап тәрбиелеймін. Қоныстанған қалалары тұрғынсыз қалып, ашық даласы да қаңырап бос тұрады. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Алайда халықтың біраз ұл-қыздары тірі қалады да, жау оларды қаладан бастап алып шығады. Осы тірі қалғандар Бабыл еліне айдалып келіп, сендерге қосылады. Солардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін көргенде сендер Менің Иерусалимге неліктен осындай апаттарды жібергенімді ұғып, жұбаныш табасыңдар.
Выбор основного перевода