Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Бәрінің үрейлері ұшып тұр. Олар толғағы қысқан әйелдей аласұра бүрісіп, бір-біріне таңырқай қарайды. Беттері қорқыныштан алабұртқан. «Мен ұзақ уақыт үнсіз болған едім,Өзімді сабырлықпен ұстап келдім,Ал қазір толғақ қысқан әйелге ұқсапЕнтіге айқайлап, ашуымды төгем! (Содан қаланың тұрғындары зарлап былай дейді:)— Олар туралы хабар естігенде, қолдарымыздың әлі кетіп, сылқ етті. Жанымызды үрей билеп, толғатқан әйелдей қинала бастадық. Сен өзіңе одақтас болуға машықтандырған оларды Жаратқан Ие үстіңнен билеуші етіп қояды. Сонда сен не айтасың? Уа, Иерусалим, толғатып жатқан әйелдей қиналмас па едің? Сион қол созса да, жоқ жұбатушылары,Ал Жаратқан Ие былай деп бұйрық шығарды:«Жақып елін қоршауға алсын дұшпандары!»Олар үшін Иерусалим арам затқа айналды.(Иерусалим:) Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда!
Выбор основного перевода