Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шығыстан соққан дауыл сияқты, Мен оларды жауларының алдында шашыратып жіберемін. Бастарына күн туғанда Мен олардан сырт айналып, бет-жүзімді көрсетпеймін». Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен Бабыл қаласына және онда тұратын қарсыластарыма қатты дауыл іспетті бір құртушыны шығарамын. Бұта басқа жерге көшіріліп отырғызылса да, өсіп-өнетін бола ма? Жоқ, шығыстағы шөлдің аңызақ желі соққанда, ол өсіп шыққан жерінде-ақ біржола қурап қалады». Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.
Выбор основного перевода