Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Бас сауғалап қашыңдар, уа, Буняминнің үрім-бұтағы! Иерусалимнен де қашып кетіңдер! Текояда дабыл қағып керней тартыңдар, Бет-Кәремнің үстінен от қойып белгі беріңдер! Себебі солтүстіктен елді қырып-жоятын сұрапыл апат келе жатыр! Біз неге отырмыз бұл жерде? Жиналыңдар! Бекіністі қалаларға қашып барып, өлсек те сонда өлейік! Құдай Иеміз бізді өлімге кесіп, ішуге улы сусын беріпті, себебі Оған қарсы күнә жасадық. Гибеяда керней тартып, Рамақта да дабыл қағыңдар! Бет-Әбенде: «Уа, Бунямин руы, саған ереміз!» деп атой салыңдар!
Выбор основного перевода