Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақыры, Өзіне қызмет еткен бүкіл пайғамбарлары арқылы алдын ала ескерткендей, Жаратқан Ие оларды өз қасынан аластатты. Сонда Солтүстік Исраилдің халқы Ассур еліне жер аударылды. Олар күні бүгінге дейін сол жерде тұрып жатыр. Енді Кир туралы алдын ала былай деймін: Ол — Маған қызмет ететін бағушы, Менің еркімді түгелдей орындаушы. Кир «Иерусалим қайта салынсын!» деген жарлық шығарып, ғибадатхананың да негізін қайтадан салғызатын болады. Мен, Жаратқан Ие, Өзім тағайындаған Кир патшаны оң қолынан сүйемелдеп, оған халықтарды бағындырамын. Оның алдынан есіктерін ашып, қала қақпаларын жапқызбау үшін елдердің патшаларының сауыт-саймандарын шештіріп тастаймын. Кир патшаға былай деймін: Өйткені Мен солтүстіктегі барлық патшалықтардың ұлттары мен тайпаларын шақырып алмақпын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын.Солардың патшалары аттанып келіп, тақтарын Иерусалимнің қақпаларының жанына орнатады да, қаланы қоршаған қабырғаларына және Яһуданың барлық басқа қалаларына да шабуыл жасайды. «Ей, пендем, Бабыл патшасы Набуходоносор өз әскеріне Тирді басып алу үшін аямай еңбек еткізді. Оның әскеріндегі әрбір бас жүк тасудан қажалып, шашы түсіп тақырланды, әрі ауыр еңбектен әрбір иық сүйегіне дейін қажалып, жалаңаштанды. Бірақ оның өзі де, әскері де Тирге қарсы аттанып, сіңірген ауыр еңбектері үшін олжаға түк те алмады». Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен Мысыр елін Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырамын. Ол оны тонап, олжалап, мол байлығын иемденіп, алып кетеді. Бұл оның әскеріне арналған ақы болмақ. Мен Мысыр елін Бабыл патшасына істеген еңбегінің сыйы ретінде бердім, өйткені оның өзі және әскері Мен үшін еңбек етті ғой. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
Выбор основного перевода