Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде елдің топырағы жетпіс жыл бойы тынығып жатты. Бұл, халықтың немқұрайды қарап, әр жетінші жылы өткізуге тиіс тынығу жылдарының орнын толтырды. Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқаны осылайша орындалды. Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: «Бүкіл ел қирап қаңырап бос қалады! Дегенмен оны түгелдей қырып-жоймаймын. Ол елсіз далаға айналып, бәрінен жұрдай қалған күйі Менің алдымда мұңайып жатыр. Бүкіл жер қаңыраған бос далаға айналды, өйткені оған көңіл бөлетін ешкім жоқ. Иен даладағы барлық тақыр төбелердің үстімен құртушылар келе жатыр. Мен, Жаратқан Ие, жіберген семсер елдің бір шетінен екінші шетіне дейін бәрін де қырып-жояды, одан аман қалатын тірі жан болмайды. Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым.
Выбор основного перевода