Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сихемдіктер жүзімдіктерінің өнімін жинап, жүзім шырынын сығып болған соң, көңілді мереке өткізді. Сонда олар өздерінің табынатын жалған тәңірлері Бағалдың ғибадатханасына барып, сонда ішіп-жеп, Әбумәлікті қарғап-сіледі. Сондықтан Сибманың жүзім бұталары үшін Жазер халқы іспетті мен де қатты қайғырамын. Уа, Хешебон мен Елғала, сендерді де жоқтап, көз жасымды көл қыламын. Өйткені енді қайтып мұнда халықтың құрма, інжір жемістері мен егіннің өнімдерін қуана жинайтын маусымдары болмайды. Құнарлы бау-бақшаларда шат-шадымандық ғайып болады. Жүзімдіктерде көңілді әндер шырқалмайды. Сыққыш шұңқырларда ешкім де қуана айқай сала жүзімді таптап шырынын ағызбайды. Сонда Жаратқан Ие Сионнан ақырып, Иерусалимнен дауысын шығарады. Сол кезде аспан мен жер шайқалады. Бірақ Жаратқан Ие — өз халқының бас сауғалайтын панасы, Исраилдің үрім-бұтағының қамал іспетті берік қорғаушысы! Амос пайғамбар былай деді:«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.Сонда малшылардың жайылымдары солады,Қармил тауының төбесі де кеуіп қалады!»
Выбор основного перевода