Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие барша халықтарға ашуланып, олардың күллі әскерлеріне қаһарланады. Соларды жойылуға арнап, қырылуға тастады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:— Біліп қойыңдар, солтүстіктен бір әскер аттанып келеді. Жер бетінің алыс шеттерінен бір үлкен халық жылжып келетін болады. Өйткені олар Менің пайғамбарларым арқылы өздеріне қайта-қайта жіберген сөздеріме құлақ асқан жоқ! Және жер аударылған сендер де тыңдаған жоқсыңдар! — деп ескертеді Жаратқан Ие. Жаратқан Ие жүрегіндегі ой-ниеттерін толығымен орындап болмайынша, Өзінің лаулаған қаһарынан қайтпайды. Алдағы уақытта сендер мұны түсінесіңдер.
Выбор основного перевода