Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар күйрегендерін өз көздерімен көрсін, құдіреті шексіз Тәңірдің қаһарына толығымен кенелсін! Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,Іші дәмдеуіштермен араласқанКөпірген «жаңа шарапқа» толған.Оны құйып береді Жаратқан,Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан. Оян, орныңнан тұр, Иерусалим! Сен Жаратқан Иенің қаһарына әбден ұшырадың. Сол қаһары шарапқа толы тостағанға ұқсады. Оны түбіне дейін тауысып ішіп, мас болғандай теңселіп жүрдің. Бабыл Жаратқан Иенің қолындағы алтын тостаған сияқты болатын. Оның ішіндегі «шарап» (Жаратқан Иенің қаһары) бүкіл жер бетін мас қылды. Ұлттар сол «шараптан» ішті. Олардың қазір жынданып жүргендері де сондықтан. Содан ұлы қала үшке бөлініп, басқа халықтардың қалалары да қирап қалды. Осылай ұлы Бабыл Құдай алдында ескеріліп, қала Құдайдың «тостағанынан» — Оның қатты ашуы мен қаһарын білдіретін «шарабынан» ішуге мәжбүр етілді.
Выбор основного перевода