Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіпті діни қызметкерлер «Жаратқан Ие қайда?» деп сұрамады, заңды үйретіп билік айтатындар Мені жақыннан танып білмеді. Халықтың жетекшілері Маған қарсы шықты, пайғамбарлар Бағалдың атынан пайғамбарлық сөз айтып, еш пайдасыз тәңірсымақтардың жолын қуып келеді. Пайғамбарлардың сөздері ескен желдей бос, Құдайдың хабарлары оларда жоқ. (Олар қоқан-лоқы жасап) айтқандары өз бастарына түссін!» деді». Пайғамбарлар жалған сөйлеп, діни қызметкерлер өз беттерімен өктемдік жүргізеді. Бұл Менің халқыма тіптен ұнайды! Бірақ ақыр соңы жеткенде сендер не істемексіңдер?!» Кішігінен ұлығына дейінгі бәрі де пайдақұмар. Тіпті пайғамбарлары мен діни қызметкерлері де арамзалық жасайды. Сендер: «Біз сондай данышпанбыз, бізде Жаратқан Иенің Таурат заңы бар!» деп қалай ғана мақтанасыңдар? Шын мәнісінде заң мұғалімдері оны сендерге бұрмалап үйретеді! Олардың ауыздарынан шыққан сөздері ажал себетін жебедей, айтқандары өтірік. Жақынымен сөйлескенде татулық жайлы айтады, ал іштей оған қарсы тұзақ құруды ойлап тұрады. Сойылуға апарыла жатқанда ештеңе аңғармайтын момын тоқтыдай, мен бұдан мүлдем хабарсыз болған едім. Дұшпандарым зұлым жоспар құрып былай деп жүр екен: «Ағашты жемісімен қоса құртайық, оны бұ дүниеден аластатайық! Оның аты тіпті еске алынбасын!» Көп адамдар сыбырлап жүр: «Жан-жақ толған қорқыныш! Ол туралы мәлімдеңдер! Кәне, шағымданайық!» дейді. Тіпті сырлас достарымның бәрі де енді бір қате жіберуімді аңсап жүр. «Мүмкін, ол алданып, қолымызға түсер! Сонда біз одан өшімізді аламыз!» дейді. Сонда Хошаях ұлы Азариях, Қареях ұлы Жоханан және барлық басқа өркөкірек адамдар Еремияға қарсы шығып былай деді:— Жоқ, өтірік айтып тұрсыз! Құдайымыз Жаратқан Ие сізге: «Мысырға бармаңдар, сол жақта келімсек болып тұрмаңдар!» дегенді бізге арнап айтқызған жоқ! Себебі діни қызметкердің аузынан шыққан сөздері білімді сақтайды. Адамдар оның айтқандарынан тәлім алуға ізденулері керек. Себебі ол — Әлемнің Иесінің хабаршысы.
Выбор основного перевода