Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Солтүстік Исраилдің және Яһуданың халқын Өзінің барлық пайғамбарлары мен хабаршылары арқылы: «Жаман жолдарыңнан қайтыңдар! Мен ежелде ата-бабаларыңа тапсырған, әрі Өзіме қызмет етуші пайғамбарларым арқылы сендерге де табыстаған бүкіл Таурат заңымдағы өсиеттерім мен ережелерімді орындаңдар!» — деп ескертіп жүрді. Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! Жақсылық істеуді үйреніп, әділдікке ұмтылыңдар! Зорлық-зомбылық жасағандарды әшкерелеп, оларға тыйым салыңдар, жетім-жесірлерді қолдап, мүдделерін қорғаңдар!» Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын. Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар, жердің жақсы өнімдерін жейтін боласыңдар. Сионға қарай бағыттап белгі көтеріп қойыңдар! Босқа тұрмай, тез қашып құтылыңдар! Өйткені Мен солтүстіктен сұрапыл апат әкеле жатырмын!» Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтып, іс-әрекеттеріңді түзетіңдер! Сонда Мен сендерге осы елде әрі қарай тұра берулеріңе жағдай жасаймын. Сол хабарларда Жаратқан Ие сендерге мынаны ескертетін: «Әрқайсың теріс жолдарыңнан қайтып, істеп жүрген зұлым істеріңнен бас тартыңдар! Сонда Мен өздеріңе және ата-бабаларыңа мәңгілікке тапсырған елде сендерді ұдайы мекендетемін. Мен сендерге өз қызметшілерім — пайғамбарларды қайта-қайта жіберіп отырдым. Олар сендерге: Әрбіреуің теріс жолдарыңнан қайтыңдар, бөтен тәңірлердің жолын қумаңдар! Сонда сендер Жаратқан Иенің өздеріңе және ата-бабаларыңа табыстаған елінде тұра бересіңдер, деп ескертіп жүрді. Бірақ сендер Маған құлақ асып, тілімді алған жоқсыңдар. Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып, қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын! Керісінше, алдымен Дамаск пен Иерусалимнің, одан кейін бүкіл Яһудея аймағының тұрғындары мен басқа ұлт адамдарына да: «Теріс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрыңдар, әрі соған лайықты іс істеңдер!» деп уағыз айтып жүрдім.
Выбор основного перевода