Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде: «Тегістеп, биік етіп даңғыл жол салыңдар! Халқымның жүретін жолындағы бөгеттерді алып тастаңдар!» деп бұйырады. Қақпадан өтіп, далаға шығыңдар,Халқыма жүретін жолын дайындаңдар,Бөгет болған тастарды алып тастаңдар,Биік етіп даңғыл жолды салыңдар!Белгі ретінде басқа халықтарғаТуды тігіп қойыңдар жоғарыға! Мен, Жаратқан Ие, мынаны айтамын: өз күнәларыңа қоса ата-бабаларыңның күнәларының да жазасын толықтай тартқызамын! Олар тау-төбелерде жалған тәңірлерге арнап хош иісті заттар түтетіп, Мені қорлайтын. Енді Мен оларға жасаған қылықтарына қарай жазаларын толығымен тартқызамын! Жаратқан Ие мынаны айтады: «Осыншама алшақтап кететіндей ата-бабаларың Менен қандай кінә тапты? Түкке тұрғысыз тәңірсымақтардың жолына түсіп, өздері де түкке тұрғысыз болып кетті. Бойжеткен қыз әшекейін, қалыңдық тойда тағатын белдігін ұмыта ма? (Жоқ, ұмытпайды). Ал халқымның Мені ұмытқанына ұзақ уақыт болды. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Жол торабына барып, айналаны байқап қараңдар, ежелгі жолдардың қайда екенін сұрап алыңдар! Ізгі жолдың қайда екенін сұрастырып біліп алып, онымен жүріңдер! Сонда жандарыңа тыныштық табасыңдар. Бірақ сендер: «Жоқ, онымен жүрмейміз!» деп бас тарттыңдар. Ұрлық жасайсыңдар, кісі өлтіресіңдер, неке адалдығын бұзасыңдар, өтірік ант бересіңдер, Бағалға арнап хош иісті заттар түтетіп, құрбандық шалып, өртеп ұсынасыңдар. Өздерің бұрын танымаған бөгде тәңірлерге табынасыңдар.
Выбор основного перевода