Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол себепті Жаратқан Ие Яһуда мен Иерусалимге қаһарланды. Өз көздеріңмен көріп тұрғандай, Иеміз оларды қорқынышты көрініске айналдырып, басқа халықтардың ысқырып табалауына қалдырды. Мен де өздерің сияқты сөз құрастырып ақыл айта алар едім. Егер менің орнымда болсаңдар, сендерге де сұқ саусағыммен шұқып көрсете алар едім. Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады. солтүстіктің барлық ұлттары мен тайпаларын және Менің еркімді іске асыратын Бабыл патшасы Набуходоносорды осы ел мен оның тұрғындарына және оның айналасындағы күллі халықтарға қарсы аттандырып алып келемін. Мен осы елдерді түгелдей қиратып тастаймын. Олар ұдайы қаңырап бос қалады, ал басқалар оларға қарап аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып келекелейтін болады. Уа, Моаб халқы, сендер де Исраилді мазақ қылмап па едіңдер? Ол туралы айтқан сайын мысқылдап бас шайқайтындай, Исраил халқы қарақшылардың арасында (ұрлық жасап жатқан жерінде) қолға түсті деп ойлайсыңдар ма? Үйлеріңнің жалпақ төбелерінде аспан денелеріне бағыштап хош иісті заттар түтетіп, әрі бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып ұсындыңдар. Сол үшін Иерусалимдегі үйлердің бәрі, тіпті Яһуда патшасының сарайы да, Топет сияқты арамдалады!» Менің, Жаратқан Иенің, қаһарым лап еткеннен қала қаңырап бос қалып, енді қайтып оны ешкім мекендемейді. Бабылдың маңынан өткен-кеткендердің бәрі қаланың басына түскен пәлелерді көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады. Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда. Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап:
Выбор основного перевода