Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Теңізді кесіп өтіп, батыстағы аралдарға барып, қараңдар, не шығыстағы Қидар еліне барып, жақсылап байқаңдар! Мынадай нәрсе бұрын-соңды болған ба еді: сондағы бір халық өзінің табынатын тәңірлерін басқаларға ауыстырып па екен? Ал олардың тәңірлері шынайы Құдай емес қой! Бірақ Менің халқым өзінің даңқты Құдайын еш пайдасыз тәңірсымақтарға ауыстырып кетті! «Елде мейлінше қорқынышты да жиренішті іс болып жатыр: Енді оларға мына хабарды жеткіз: «Күні-түні көз жасым ағылып тоқтамасын! Себебі ежелде пәк қызымдай болған Менің халқым қатты соққы жеп, ауыр жарақаттанды. Иерусалимнің пайғамбарларынан да мына қорқынышты іс-әрекетті көрдім: олар азғындыққа салынып, жалғандықтың жолын қуып жүр! Олар зұлым істер істеп жүретіндерді қолдап-қолпаштайды. Сондықтан ешкім күнәсінен бас тартпайды. Діни қызметкерлердің бәрі Маған Содомдай, Иерусалимнің тұрғындары Ғоморадай жексұрын болып кетті».
Выбор основного перевода