Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күнәларыңнан арылып, тазарыңдар! Көз алдымда жасап келген зұлым істеріңді тоқтатып, жамандық атаулыдан бас тартыңдар! «Баяғыда Мен мойныңа салынған мойынтұрықты сындырып, бұғауларыңды үзіп, өзіңді құлдықтан азат еткен едім. Алайда: «Жоқ, мен қызмет етпеймін!» дедің. Ал шынында сен көрінген биік төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге табынып опасыз әйел іспетті азғындыққа салындың. — Уа, Иерусалим, жүрегіңді зұлымдықтан жуып тазарт! Сонда ғана сен құтқарыласың. Қашанға дейін ішіңде жаман ойларды сақтап жүре бермексің? «Мен сендерді қалай кешіре аламын? Балаларың Менен бас тартып, ешқандай да құдай емес тәңірсымақтардың атымен ант ететін болды. Мен оларды асырап жүрсем де, олар азғындыққа салынып, жеңіл жүрісті әйелдердің үйлеріне топырлап барады. Олар күйттеген, тойынған айғыр сияқты, бір-бірінің әйеліне кісіней қарайды. Менің сүйікті халқым қалайша Өзімнің киелі үйіме келе алады? Ол сондай опасыз істер істеп жүр ғой! Әлде олар құрбандықтың етін ұсынып, өз жазаларынан құтыла аламыз дей ме? Ал зұлымдық жасаған кезде олар тіпті шаттанады! (Ей, Иерусалим,) сенің тотығың — өз азғындығың. Мен сені қаншама тазартқым келсе де, сен тазарудан бас тарттың. Сондықтан, Менің қаһарым саған толығымен қанағаттанбайынша, сен тазара алмайсың. Жас бұқа кейпінде жасалған жалған тәңірің әбден жек көрінішті, уа, Самария елі! Мен осы халыққа қатты қаһарланып отырмын. Қашан ғана олар зұлымдықтан арылып тазарар екен?
Выбор основного перевода