Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер іштей: «Бұл халықтар бізден соншама басым ғой. Қалай ғана оларды қуып шыға аламыз?» деп уайымдауларың да мүмкін. Қайта, диірменді қолға алып, тарта бер! (Бағынышты күңге айналған сен) бет пердеңді шеш! Етегіңді түріп, балтырыңды көрсетіп өзендерді кешіп өте бер! Сонда тәнің ашылып, жұрт ұятыңды көреді. Осылай сені еш аямай жазалаймын!» (— дейді Жаратқан Ие.) «Халқың: «Бұның бәрін Құдайымыз Жаратқан Ие бізге неге істеді екен?» деп сұрайтын болса, сен оларға: «Себебі сендер Одан бас тартып, осы елдеріңде бөтен тәңірлерге беріліп табынып кеткенсіңдер. Сол себепті енді өз елдерің емес жерде бөтен халықтың құлы боласыңдар!» деп жауап бересің». Осының бәрін сен халыққа айт! Олар сенен: «Жаратқан Ие соншама азапты біздің басымызға не үшін төгейін деп отыр? Құдайымыз Жаратқан Иеге қарсы қандай күнә жасадық? Оның алдындағы айыбымыз қандай?» деп сұрайтын болса, Өзіңнің жарақатыңнан, шипасы жоқ ауруыңнан несіне айқайлайсың? Кінәң тым ауыр, күнәларың тым көп болғандықтан саған сондай жаза тартқыздым. Иерусалим күнәға терең батып,Осылай жексұрын болды арамданып.Бұрын оны құрметтеп сыйлағандар даАбыройының ашылғанын табалауда,Ал өзі сырт бұрылып, аһылауда. біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Сенің етегіңді бетіңе дейін түргіземін! Халықтар мен патшалықтарға сенің жалаңаш тәніңді ашып, абыройыңды төгемін.
Выбор основного перевода