Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ешуа Аханға:— Ұлым, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иені құрметте! Оның әділдігін мойындап, шыныңды айтшы! Сен не істедің? Менен еш нәрсені жасырма! — деген сұрақ қойды. Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Оның аулаларына сый-тарту әкеліңдер, Сол күні жау Исраилдің үстінен буырқанып долданған теңіздей ақырады. Пенде жағаға қарап, қара түнек пен азапты көреді. Қараңғы бұлттар жарықты жауып тастағандай, әркімнің де күдері үзіледі. жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді. Сол себептен әділдік бізден тым алшақ, адалдық қасымызға жоламайды. Нұрды күтсек те, айналамыз қара түнек, үміттенген жарықтың орнына қараңғылықта жүреміз. Олар былай деп сұраған жоқ: «Бізді Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие қайда екен? Ол бізді қуаңшылық пен қара түнек жайлаған, шөл далалары мен шұңқырлары бар, ешкім аяқ баспайтын да, мекендемейтін де құла түзбен жетелеп алып жүрді емес пе?!» Сондықтан оларды күтіп тұрғаны — қараңғы да тайғақ жолмен кетіп, сонда сүрініп құлау. Жазаланатын уақыты келгенде Мен олардың бастарына апат түсіремін!» — деп ескертеді Жаратқан Ие. Сонда парызшылдар бұрын соқыр болған жігітті екінші рет шақырып алып:— Құдай алдында шыныңды айт! Ана Кісінің күнәкар екенін білеміз, — деп тергеді. Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ, — деп астарлап жауап берді.
Выбор основного перевода