Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Ешуаға былай деп нұсқау берді: «Біліп қой, Мен Иерихонды патшасымен, батыл да мықты жауынгерлерімен бірге сенің қолыңа тапсырып отырмын. Өйткені Жаратқан Ие сен туралы мынаны айтады: Мен саған да, дос-жарандарыңның бәріне де қорқыныш жіберемін. Сен өз көзіңмен олардың жау қолынан өлетіндерін көресің. Мен бүкіл Яһуданы Бабыл патшасының билігіне тапсырамын. Ол Яһуда халқын Бабылға жер аударып әкетеді, ал елде қалып қойғандарын семсермен өлтіреді. Сонда Бунямин жері мен Иерусалимнің айналасындағы ауылдарда, әрі Яһуда жері мен таулы аймақтағы, батыстағы төменгі қыраттар мен оңтүстіктегі Негев аймағындағы қалаларда егістік танаптары әлі де күміске сатылып алынбақ. Сонда құжаттар дайындалып, оларға мөр басылып, куәгерлер куәлік етпек. Өйткені Мен сол аймақтардан жер аударылып кеткендерді қайтарып әкеліп, жағдайларын бұрынғыдай игілікке кенелтемін! — Жаратқан Ие осыны уәде етеді. Сол жерде Бабыл патшасы оларды өлімге бұйырды.Осылайша Яһуда халқы өз елінен басқа жаққа жер аударылып кетті. Набуходоносор жер аударған халықтың жалпы саны: оның патшалық құрған жетінші жылы — үш мың жиырма үш яһудалық, оның он сегізінші жылы — Иерусалим қаласынан тағы сегіз жүз отыз екі адам, әрі жиырма үшінші жылы — тағы жеті жүз қырық бес яһудалық болды. Бұларды ұландар әміршісі Набузар-Адан Бабылға айдап әкетті. Осылайша барлығы төрт мың алты жүз адам болды.
Выбор основного перевода