Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Ехониях патша өзінің шешесі, нөкерлері, әміршілері және сарай қызметкерлерімен бірге қаладан шығып, бабылдықтарға берілді.Набуходоносор патшалық құрған сегізінші жылы Ехонияхты тұтқындады. Басына күн туғанда Манаса ата-бабаларының сиынған Құдайы Жаратқан Иеге жалбарынып, Оның алдында бас ұра күнәсін мойындап, Манасаның жалбарына мінажат еткені және онысына Құдайдың рақым етіп құлақ салғаны, әрі патшаның содан бұрын жасаған күнәлары мен опасыздығы туралы, жалған тәңірлерге арнап биіктеу жерлерде тұрғызған табыну орындары, Ашераға бағыштаған ағаш бағаналары және басқа да тәңірсымақтардың мүсіндері — осылардың барлығы жайлы пайғамбарлардың жазбаларында баяндалған. сырға-білезіктерін және бет перделерін, әдемі бас киімдері мен аяқ білезіктерін, белбеулері мен әтірлі құтыларын, бой тұмарларын, жүзіктерін және мұрындық сырғаларын, сондай-ақ сәнді киімдері мен шапандарын, халаттары мен әмияндарын, айналары мен бәтес киімдерін, шәлілері мен бөкебайларын — осылардың бәрін де Тәңір Ие Иерусалимнің әйелдерінен алып қояды. «Тағыңнан түсіп, топыраққа отыр, ей, Бабыл қаласы! Халдей халқының астанасы, сен ханша сияқты ешкімге бағынбаған едің. Ал енді тақыр жерде отыра бер! Бұдан былай сені ақсаусақ, нәзік деп атамайды. Мен өзіңді де, сені дүниеге келтірген шешеңді де бөтен елге айдатып жіберемін. Сендер сол жерде тумағанмен, сонда өлетін боласыңдар. Тәжіміз лақтырылып түсті басымыздан,Қасіретке қалдық күнә жасағандықтан. Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!» Сәлделерің бастарыңда, аяқкиімдерің аяқтарыңда болмақ. Сендер жоқтап жыламай, өз күнәларыңның кесірінен әлсіреп құрып, күңіреніп, бірге қайғырасыңдар.
Выбор основного перевода