Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Басымызға түскендердің бәрі өзіміздің зұлым істеріміз бен зор кінәміздің кесірінен болды. Сонда да Сен, уа, Құдайымыз, бізді күнәларымыз бойынша емес, одан жеңілірек жазаладың. Осылайша халқымыздың толығымен қырылып кетуіне жол бермей, бірқатарымызды тірі алып қалдың. Сонымен осындай жиренішті істермен айналысатын халықтармен құдандалы болып қайтадан Сенің өсиеттеріңді бұзамыз ба?! Сонда Сен қатты қаһарланып, ешқайсымызды да тірі қалдырмай құртып жібермес пе едің?! Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз. Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек? Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған,Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан. Сол кезде Исраил халқының тірі қалғандары өздерін талқандап, жойған одақтастарына енді қайтып сүйенбейтін болады. Керісінше, олар бұдан былай сенімдерін шын жүректен Жаратқан Иеге, Исраилдің Киелі Құдайына, артады. Мен оны ағашқа қаққан ілмектей мықтап бекітемін. Ол әкесінің отбасына атақ-даңқ әкеледі. Себебі халқымның құтқарылып, тірі қалғандары Иерусалимдегі Сион тауынан өсіп шығатын болады. Әлемнің Иесі бұларды қайрат-жігерімен іске асырады.
Выбор основного перевода