Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек: Осындай қылықтармен өздеріңді еш арамдамаңдар! Мен алдарыңнан қуып шыққалы тұрған халықтар дәл осындай қылықтардың кесірінен өздерін арамдады. Олардың жексұрын қылықтарынан елдің өзі де арамданып кетті. Мен оның айыбына назар аударып, сол себептен енді елдің өзі тұрғындарын құсып шығарып тастайды. Ал сендер Менің ережелерім мен шешімдерімді орындауларың керек. Тумысынан исраилдік өздерің де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар да осындай жексұрын қылықтарды жасамасын! Себебі осындай жексұрындықтардың барлығын елде өздеріңнен бұрын тұрған халықтар істейтін еді, содан да жер арамданып кетті. Егер енді сендер елді арамдайтын болсаңдар, онда ел сендерді де бұрынғы халықтар сияқты құсып шығарып тастайтын болады. Ал егер біреу осы жексұрын қылықтардың кез келгенін істесе, сондай адам халық арасынан аластатылсын! Сондықтан да Менің бұйрықтарымды сақтап орындаңдар! Өздерің елге келмей тұрып сонда тараған жексұрын салт-дәстүрлерді ұстанбаңдар! Соларды істеп өздеріңді арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін. өздерің азғырылып қалмаңдар! Солардың жалған тәңірлеріне ынтығып, «Осы халықтар өз тәңірлеріне қалай ғана құлшылық етті екен? Біз де солай істейікші!» деп олардың торына түсіп қалып жүрмеңдер! Сендер Құдайларың Жаратқан Иеге олардан үйренген жолдармен табынушы болмаңдар! Себебі сол халықтар жалған тәңірлеріне табынған кезде Жаратқан Иеге жексұрын да жиренішті нәрселердің әр түрін жасайды. Олар сол тәңірлеріне арнап тіпті ұл-қыздарын да құрбан етіп өртеп жібереді. Жер аударылудан қайта оралған исраилдіктер де, басқа ұлттардың Құдайдың халқына қосылғандары да құрбандық тоқтылардың етін жеді. Осы қосылғандар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге мойынсұнып, елде тұрып жатқан жат ұлттардың арам істерінен бас тартып, бөлініп шыққандар еді. Сол кезде Исраилдің үрім-бұтағы барлық жат жұрттықтардан бөлініп шықты. Исраилдіктер (Жаратқан Иенің алдында) тұрып, өз күнәлары мен ата-бабаларының теріс қылықтарын мойындады.
Выбор основного перевода